"Ақ Үрпек" журналының оқырмандарына!

Құрметті мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері!

Өздеріңізге арнап облыста алғаш рет «Ақ Үрпек» электронды журналы шығарылып отыр. Жыл сайын жаңарып отыратын бұл журналдан тәрбиешілер кәсіби кеңестер мен құнды нұсқаулар, ал балалар қызықты мәліметтер мен ерекше ойындар, өлеңдер мен жұмбақтар таба алады.

Тәрбиешілердің біліктілігін арттырып, шеберлігін көтеруде, тәрбиеленушілердің дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылығын шыңдауда «Ақ Үрпек» журналы таптырмас құрал бола алады деп сенеміз!

                                                                          Ақ тілекпен «Ақ Үрпек» журналы