Кәсіби консультация

Егер бала әріптерді дұрыс жазбаса, ұмытса, ауыстырса:

1. Сіздің балаңыз оң және сол ұғымдарын айыра алады ма? Ол келесі тапсырмаларды дұрыс орындау қажет: өзіңнің сол аяғыңды, оң құлағыңды көрсет. Өзіңнен оң жағында, сол жағында не бар? Егер бала әріптің бағытын ауыстырса, ол кеңістікте бағдарлаудың кемшілігі.

2. Сіздің балаңыз алты бөліктен тұратын суретті құрастыра ала ма? Егер ол суретті құрастыруда қиындықтарға кез болса, ол көріп-тану –кеңістіктіктің анализ бен синтездің кемшілігін білдіреді. Бала әріпті оңай есте сақтау үшін келесі тәсілдерді қолдануға болады:

–бала сіздің жазған «алып»әріпті бояуштритау керек.

–ермексаздан әріпті істеу.

–контур бойынша әріпті қию.

–әріпті ауада жазу.

–сол әріпке ұқсас заттарды атау.

–әріптің үстінен жазу.

–контур бойынша әріпті жазу.

–нүктелермен әріпті жазу.

Баланың өздік жазуы міндетті түрде әдемі болуы тиіс емес. Негізі оны жатжазуға дайындап, әріптердің дұрыс жазылуын қадағалау қажет.

Жазу түзу және әдемі болмай, бірақ әріптері тізбекті дұрыс сақталса, ол өте маңызды нәтиже.

 

"Ата-аналар кодексі" жобасы:

Балабақша кеңесін сайлауға және оған сайлануға;

Балабақша кодексінде қарауға, ұсыныстар енгізуге;

Тәрбиешілер әкімшілікпен келісіп жеке сабақтар мен кеңесте  қатысуға;

Педагогикалық ұжымның жұмысын (қызметін)  бағалауға;

Балабақшадағы жағдайы жақсарту мақсатында ұсыныстар жасауға;

Баласының құқын, отбасының намысын қорғауға;

Дау, талас туған жағдайда психологқа, әкімшілікке немесе дауды шешетін комиссияға баруға;

Баланың оқу профилін таңдауға;

Жеке тәрбиешілер мен балаларды мадақтау туралы ұсыныс беруге құқылы;

Сондай-ақ баланың өміріне жауапты болу, оның өсуіне жағдай жасау;

Отбасында психолог, педагог, дәрігер бола білу. Отбасында атқарылатын  істердің ортақтығы, әрі ол істі атқаруда әркімнің дербестігін сақтау;

Ерекше жағдай болған кезде ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға;

Баланы тәрбиелеу үшін өзінді тәрбиелеген жөн. Тәрбие беру бос ақыл айту емес;

Баланы жақсы көру және өзінің жақсы көргенін мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отыруға;

Өзін баламен тең дәрежеде ұстау;

Балалар өздерінің ешқашан кішіміз деп ойлаймайды;

Олардың бойында дербестікті тәрбиелеу;

Егер өзіндік пікір, сеніміңіз болмаса, балаға жақындамау; 

 

Балабақша жағдайына бейімделу:

Көпшілікке мәлім «балабақша жағдайына көнетін» және «балабақша жағдайын қабылдамайтын» балалар кездеседі.

Баланың балабақшаға тез үйренуі үшін ата аналарға мынадай кеңес береміз:

Баланы қысқа мерзімге балабақшаға беру.
Топтағы бірнеше баламен және олардың ата аналарымен жақын танысып, оларды қонаққа шақыру
Балалар мерекелерін ұйымдастыруға қатынасу.
Әр кез балабақшада өткен күн жайында сұрап әңгімелесу.
Кешкі мезгілде жағымды жағдай жайлы, достарымен болатын кездесу,жаңа ойыншықтар, ойындар туралы әңгімелесу.
Балабақшаға барар жолда мейірімді, сабырлы болу.

Егер де бала анасынан ұстап, оны жібермеген жағдайда тәрбиеші баланы қалай жұбатады? 

 

Психологтің ұсынысы:

Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады, мысалы. Сабын көпіршіктері, шарлар.
Топтағы ойыншықтарға назарын аударту.
Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу.
Доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген баланы шақыру. 

 

Психологтар мынаны ұсынбайды:

Баланы анасынан күшпен айыру.
Тамақты еріксіз ішкізу.
Баланың көз жасына көңіл аудармау.