Бала тілі-бал

Кішкентай екі бала сөйлесіп тұр:
– Туған күнің қашан? 
– 20 қарашада. 
– Қай жылы?
– Жыл сайын ғой...

 

Әжесі немересіне:
- Балам, егер жөтелетін болсаң ауызыңды қолыңмен жауып жөтел, - дейді.
Сонда немересі:
- Әже қорықпаңыз, менің тістерім сіздікіндей ұшып кетпейді, - депті. ))


Кішкентай бала жүгіріп келіп:
-Апа, апа қайнап жатқан қазаның ішіне тышқан түсіп кетті, - депті. Апасы шошып кетіп:
-Алып тастадың ба? Күиіп қалмадаың ба? Не істедің? - десе, баласы:
-Тышқанды ұстасын деп артынан мысықты салып жібердім, -депті.

 

****

- Анашым, дастархандағы үлкеееен торт ағама ма?

- Жоқ, саған.

- Неге кішкеееентай-ақ?..

 

****

- Анашым, кактус қолыма инесін кіргізіп алдым.

- Кактус емес, өзің бірінші тиіскен шығарсың!

- Жоқ, өзі ғой бірінші бастаған!

 

Кішкентай қыз әкесінің төбені сырлап жатқанына қарап тұрады. Анасы: — Қызым, қарап үйреніп ал. Кейін өскенде әкеңе көмектесесің. — Мен өскенше әкем сырлап бітпей ме? – депті қызы таңқалып.

— Кеше сабаққа неге келмедің? — Ағам ауырып қалды. — Оған сенің не қатысың бар? Әлде емдедің бе? — Жоқ, мен оның велосипедін тептім.

*********************************************************

— Айналайын, айта ғойшы, екіні екіге көбейтсе неше болады? — Төрт болады. — Жарайсың, міне саған сол үшін төрт кәмпит! — Тууууу, он төрт деуім керек еді!

*********************************************************

Мұғалім бұзық баланың үйіне келеді. — Анаң қайда? — Жұмыстан әлі келген жоқ. — Әкең ше? — Ол да тығылып қалды.

********************************************************* — Мама, бүгін бізді мектепте дәрігер қарады. — Иә, ол не тексерді? — Ол біз демаламыз ба, жоқ па, соны тексерді.

*********************************************************

— Әке, барабан сатып әперші. — Жоқ, тарсылдатып, мазамды аласың! — Жоқ, мазаңды алмаймын, тек сен ұйықтағанда ғана тарсылдатамын.